Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы

Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы
6-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етілу құқықтары



Ст. 6 Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ



1. Азаматтардың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге;

2) ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;

3) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын талап етуге;

4) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті жеке және заңды тұлғалардың шешімдеріне шағым жасауға;

5) ең төмен әлеуметтік стандарттар салаларындағы бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

2. Ең төмен әлеуметтік стандарттармен Қазақстан Республикасының азаматтары қамтамасыз етіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, азаматтар үшін белгіленген ең төмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ