Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы
12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер



Ст. 12 Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ



1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына мыналар негіздер болып табылады:

1) бітімгершілік операцияның аяқталуы;

2) бітімгершілік операцияға қатысу мерзімінің аяқталуы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі;

4) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға одан әрі қатысуы орынсыз болатын халықаралық әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты мерзімінен бұрын кері шақырту;

5) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) қақтығыстың шиеленісуі мен қарқындылығы күрт өршіген жағдайда шұғыл эвакуациялау;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер.

2. Ұлттық контингент бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) үшінші елдерге шұғыл эвакуацияланған жағдайда, ұлттық контингенттің Қазақстан Республикасына келген күні бітімгершілік операцияға қатысу аяқталды деп есептеледі.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ