Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы
18-бап. Ұлттық контингенттің құқықтары мен міндеттері



Ст. 18 Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ



1. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

Бітімгершілік операцияда ұлттық контингенттің құқықтары мен бостандықтары болатын елдің заңдарымен, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен ғана шектеледі немесе кеңейтіледі.

2. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және болатын елдің заңдарын сақтауға, сондай-ақ жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

3. Әскери персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларында көзделген міндеттер жүктеледі. Бітімгершілік операциядағы міндеттер аясы мандатпен шектелуі немесе кеңейтілуі мүмкін.

4. Ұлттық контингентке бітімгершілік операцияда атқарып отырған лауазымына сәйкес лауазымдық міндеттер жүктеледі.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ