Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы
6-бап. Бітімгершілік қызметтің міндеттері



Ст. 6 Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ



Бітімгершілік қызметтің міндеттері:

1) тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, қақтығыстардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, қақтығыс ауқымын шектеу;

2) күш көрсету іс-қимылдарын тоқтатуға дипломатиялық құралдармен және әдістермен жәрдемдесу;

3) әскери персоналдың БҰҰ Жарғысына сәйкес бірлескен халықаралық мәжбүрлеу іс-қимылдарына қатысуы;

4) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) аумақты және (немесе) халықты қарулы шабуылдан қорғау;

5) оқ атуды тоқтату шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;

6) қақтығысушы тараптарды ажырату, бөлімшелерді қарусыздандыру және тарату;

7) босқындар, ел ішінде уақытша орнын ауыстырған адамдар проблемаларын шешуге жәрдемдесу;

8) гуманитарлық көмек көрсету;

9) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) инфрақұрылымды қалпына келтіру;

10) құқықтық тәртіпті, халықтың қауіпсіздігін және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

11) мандатта көзделген өзге де міндеттер болып табылады. 
2-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ