Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Ст. 1 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы; 

2) әскери міндеттілерді бекітіп қою – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту; 

3) әскери-экономикалық оқулар – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны; 

4) жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк іс-шаралар кешенi; 

5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау – Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау; 

6) жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi; 

7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган – жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 

8) жұмылдыру қуаттары – жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама; 

9) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етудiң бiрiншi кезектегi шараларын қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 

10) жұмылдыру тапсырмасы – мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма; 

11) жұмылдыру тапсырысы – ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс; 

12) командалық-штабтық оқулар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны; 

13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары; 

14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы; 

15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар; 

16) уақытша қайта тиеу ауданы – әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi; 

17) ұйымның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 367-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 2 3 ...22

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127