Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi



Ст. 10 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127



1. Ұйымдардың басшылары:

1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) мен тапсырыстардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң сақталуын және оларға ешкiмнiң тимеуiн ақылы негiзде қамтамасыз етедi;

3) өндiрiстi жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арналған тапсырыстарды орындау жөнiндегi шарт мiндеттемелерiн орындау мақсатына дайындауды жүзеге асырады;

4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мүдделерiнде шарттарға (келiсiм-шарттарға) сәйкес өнiм беруге, жұмыс жүргiзуге, қызмет көрсетуге арналған тапсырыстарды орындайды;

5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;

6) жергiлiктi әскери басқару органдарының жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткiзудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында олардың құнын кейiннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен өтеу арқылы жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;

7) басшыларды, мамандарды, әскери міндеттілер арасынан бiлiктi жұмысшылар мен қызметшiлердi жұмылдыру, соғыс уақыты, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында арнап бекiтiп қою жөнiндегi жұмыстарды атқарады;

8) жұмылдыру дайындығы жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Оларды ұстау жөнiндегi шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттiк бюджеттен толықтырылады;

9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті;

10) ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын тиісті мемлекеттік органдармен, тапсырыс беруші ұйымдармен келіседі және оларды бекітеді.

2. Ұйымдардан жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында арналған мемлекеттiк қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттiк тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.07.15 N 334-IV Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127