Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
9-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті



Ст. 9 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127



 Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері өз құзыреті шегінде:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;

3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;

6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;

8) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

10) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздейді;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері өз құзыреті шегінде:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;

3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;

6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;

8) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері өз құзыреті шегінде:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;

3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

5) жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 334-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 
3 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
ұйымдар басшыларының мiндеттерi, Қазақстан Республикасы
азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi

Статья 1 ...7-1 8 9 10 11 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127