Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы
7-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер



Ст. 7 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28



Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жерiндегі мiнез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай: 

а) iшкi iстер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;  

б) iшкi iстер органдары айқындаған аудан (қала) жерлерінде болуға; 

в) қадағалауды жүзеге асыратын iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегiнен тыс жерлерге шығуға; 

г) кәмелетке толмағандардың ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға; 

д) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкiн. 

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28