Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю



Ст. 11 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есiрткi және психотроптық заттардың әрбiр сериясы үшiн тұтыну бумаларын таңбалау бiрыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.  

2. Тiзiмде аталған заттар құрамында бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атаулары және олардың салмақ бiрлiгiмен немесе процентпен алынған құрамы көрсетiледi.  

3. алып тасталды  

4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.  

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 № 327, 2006.12.29. № 209 Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279