Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту



Ст. 13 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. 

2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады. 

3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi. 

4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейді. 

5. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.  

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 № 327, 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279