Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану



Ст. 16 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен медициналық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн. 

2. Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк заттарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, таралады.  

3. Тiзiмге енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.  

4. Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  

5. Тiзiмге енгiзiлген құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады. Аталған құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.  

6. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн ғана пайдаланылатын құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Тiзiмге енгiзiлген дәрiлiк препараттар:  

1) азаматтық мақсаттағы көлiкте;  

2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiздегi) оқу-жаттығуларына шығу кезiнде әскери машиналарда (кемелерде);  

3) ұшу кезiнде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрi қобдишасында;  

4) мемлекеттiк мекемелердің, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шұғыл көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкiн.  

Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртiбiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейдi.  

7. Осы баптың 6-тармағында аталған рұқсатта бұл дәрiлiк заттарды орынсыз пайдалануға және олардың заңсыз жолдармен таралып кетуiне жол бермеу мақсатында қолданылуы тиiс шаралар белгiленедi. Рұқсатта экипаж құрамынан осы дәрiлiк заттар сенiп тапсырылатын адамдар, олардың сақталу шарттары, оларды босатудың, алмастырудың тiркелуi, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есеп берудiң кезеңдерi көрсетiледi.  

8. Дәрiлiк препараттарды осы баптың 7-тармағына сәйкес оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларда пайдалану осы Заңның азаматтарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды босатудың тәртiбi туралы ережелерiн бұзу деп қаралмайды.  

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279