Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
21-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою



Ст. 21 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



Ескерту. 21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есiрткi заттар, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс. 

2. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою: 

1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен; 

2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған; 

3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн. 

3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi. 

4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.  

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279