Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау



Ст. 22 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279




1. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға және оларды өнеркәсiптiк, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшiн пайдалануға қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк квотадан аспайтын көлемде рұқсат берiледi.

2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

4. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия берудiң және оларды тек қана өнеркәсiптiк, оқу, ғылыми және медициналық мақсаттарда пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279