Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары



Ст. 6 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

Бақылаудың өзге де нысандары алдын алу-профилактикалық іс-шаралар болып табылады, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып, нұсқама жасалады. Бақылаудың өзге де нысандары тексерілетін объектілерге бармастан, мониторинг, есепке алу және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы есептілікті бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының:  

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;  

2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;  

3) құрамында Тізімге енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне тексеріп-қарау жүргізуге;  

4) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жою мақсатында арнайы құрылған бөлімшелермен іс-шаралар жүргізуге;  

5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргізу үшін көрсетілген өнімнің техникалық негізделген мөлшердегі үлгілерін алуға;  

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беруге;  

7) есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға;  

8) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.  

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279