Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу



Ст. 9 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.  

2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.  

3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279