Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223



1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi - заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

2) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi – құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

3) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

4) Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi - жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есебiн жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;

5) мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

6) сәйкестендiру нөмiрi - сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтер туралы жазбаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сандық нышандар кезектiлiгi түрiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

7) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат - тiркеу органы беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң бар екендiгiн растайтын құжат;

8) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру - нәтижесiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) туралы мәлiметтердiң негiзiнде уәкiлеттi орган сәйкестендiру нөмiрiн құратын процесс;

9) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi - жеке және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есептерiн жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер;

10) тiркеушi органдар - мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.

2. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасының осы бапта көрсетiлмеген арнайы ұғымдары осы Заңның тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

3. Құжаттарда сәйкестендiру нөмiрлерiн көрсеткен кезде:

1) ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi үшiн;

2) БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi үшiн ресми қысқарту болып танылады.

 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223