Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi



Ст. 8 Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223



1. Уәкiлеттi орган:

1) тiркеушi органдар өтiнiш берген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды;

2) тiркеушi мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге олар өтiнiш берген кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақпарат берудi жүзеге асыруға мiндеттi.

2. Тiркеушi органдар:

1) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уақтылы ұсынуды;

2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды;

3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер:

1) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күні ішінде ұсынуды;

2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.

4. Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2-тарау. СӘЙКЕСТЕНДIРУ НӨМIРIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, АЛЫП ТАСТАУ
НЕМЕСЕ ШАРТТЫ ТҮРДЕ АЛЫП ТАСТАУ


Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223