Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
9-бап. Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру

1. Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді.

2. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын интегралдық микросхема осы баптың 3-тармағының 2)-7) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылады.

3. Мыналар:

1) туу туралы куәлік;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

4-1) қандас куәлігі;

5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;

9) жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.

4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттар:

1) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

3) қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн – филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

4) мыналар:

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.

5. Мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды берген кезде сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге мiндеттi.

Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.

6. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет:

туу туралы куәлiктi;

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;

2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:

тіркеу куәлігін;

Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;

2-1) этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады.

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру олар Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде және тіркеу органдарына тек жеке өзі жүгінген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басын сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.

7. Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу жеке сәйкестендiру нөмiрi бойынша жүргiзiледi.

Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмейдi.

8. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:

1) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн бiрлескен дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;

2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн оларды тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;

3) Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкiлеттiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн оларды есептiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;

4) мыналар:

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын;

филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын;

Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;

резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.

9. Сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiлмейдi.

10. Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкiлдiктердiң) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруға арналған өтiнiштерiн тiркеу не қабылдау:

1) нақты болатын жері бойынша:

жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін;

2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамының тұрғылықты жерi бойынша;

4) орналасқан жерi бойынша:

заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) үшiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн;

5) мүлкі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның өткізілген акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін резиденттің немесе консорциумның тұрған жері бойынша;

6) салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркелген жерi бойынша:

Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді сатып алатын және (немесе) оларға иелiк ететiн резидент еместер үшiн;

7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша:

резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...13

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться