Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi



Ст. 17 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV



1. Қазақстан Республикасы заңнама мен халықаралық шарттарға сәйкес өз аумағында әрбiр адамның және азаматтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Мемлекет Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген Қазақстан азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi. 

2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен және конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, соншалықты ғана шектелуі мүмкін. Бұл ретте аталған адамдар заңнамада белгiленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдардан өз құқықтары мен бостандықтарының шектелуi жөнiнде түсiніктер алуға құқылы. 

3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланған лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады. 

4. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жәрдемдесетін адамдарға мемлекеттiк қолдауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құқықтық жағынан қорғалуына кепiлдiк берiледi.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV