Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы



Ст. 25 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV



1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiктiң халықаралық кепiлдiктерiн алу мақсатында ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi болып табылатын халықаралық (жаһандық, өңірлік) қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады. 

2. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі: 

1) жаһандық бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыру мәселелерінде Қазақстанның рөлін нығайтуды; 

2) Қазақстанның геосаяси айналасында ұжымдық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен нығайтуды; 

3) қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі мүдделерiне сай келетін халықаралық ұйымдар мен форумдарға қатысуды; 

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес елден тыс жерлерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысуды; 

5) қажет болған жағдайларда шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелердi шешуді; 

6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне сай келетін халықаралық шарттар жасасуды көздейді.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV