Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
10-бап. Ұлттық ұланды тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде міндеттерді орындауға тарту



Ст. 10 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ



1. Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлiмдерiн тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға немесе iшкi iстер органдарына төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету, терроризмге қарсы операцияға және төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысу үшін, сондай-ақ заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшаулау және онда бөгеттер қою, аса қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қаруланған құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптiң қорғалуы мен қауiпсiздiктi күшейту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

2. Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң жеке құрамын тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде осы бапта көрсетiлген, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.

3. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің шет мемлекеттер аумақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ