Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
12-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi



Ст. 12 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ



Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі:

1) Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылына жедел басшылықты жүзеге асырады;

2) Ұлттық ұлан қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Ұлттық ұланның құрылымын және орналасуын белгілейді;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Ұлттық ұланның жалпы санын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

5) Ұлттық ұланның ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін сақтау бойынша шаралар қабылдайды, оларды қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі құжаттарды бекітеді;

6) Ұлттық ұлан қатарына мерзімді әскери қызметшілер шақыруды және одан шығаруды ұйымдастыруға Ұлттық ұланның қатысуын қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындауға, лауазымынан босатуға және Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне жоғары әскери атақтар беруге ұсыну енгізеді;

8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiн және азаматтық персоналын мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына тәртіптік жазалар қолданады;

10) Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ұлттық ұлан құрамаларының командирлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, Ұлттық ұланның офицерлерін қызметтен шығарады, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын және полковник әскери атағын береді;

11) мыналарды:

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы туралы ережені;

 Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының штатын, әскери қызметшілер жүктемесінің нормативтерiн, штаттық нормативтерді, Ұлттық ұландағы лауазымдар номенклатурасын;

Ұлттық ұланның кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орнына қабылдау қағидаларын;

Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын;

Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және сақтау тәртібін;

Ұлттық ұланның міндеттерін орындау жөніндегі нұсқаулығын;

Ұлттық ұланның әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ережені;

Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеру нұсқаулығын;

Ұлттық ұланда әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;

12) өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ