Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы



Ст. 18 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ



1. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерi осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде айқындалған, өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекет қорғауында бола отырып билік өкiлi болып табылады, заң бойынша өздерінің құзыретіне жататын шешімдерді дербес қабылдайды және оларды орындауды жүзеге асырады.

2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы Заңның талаптарын орындамау, Ұлттық ұланның өздеріне жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіру, әскери қызметшілердің абыройы мен қадір-қасиетіне тіл тигізу, әскери рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

4. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде тікелей бастықтарына ғана бағынады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ