Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
20-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің әскери қызмет міндеттерін орындауы



Ст. 20 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ



1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің лауазымдық және арнайы міндеттері және оларды орындау тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде, жалпы әскери жарғыларда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қарауыл, гарнизон, застава, әскери наряд құрамында, сондай-ақ Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау үшін тартылатын әскери бөлімдер (бөлімшелер) құрамында әскери қызмет міндеттерін орындауы жауынгерлік кезекшілікті атқару болып табылады.

3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жауынгерлік кезекшілікті атқару тәртібі және шарттары, сондай-ақ олардың жауынгерлік кезекшілікті атқарғаны үшін төленетін үстемеақылардың (қосымша ақшалай төлемдердің) мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

4. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жауынгерлік кезекшілікті атқару ұзақтығы әскери қызметшінің қарауыл, гарнизон, застава, әскери наряд құрамында, сондай-ақ Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау үшін тартылатын әскери бөлімдер (бөлімшелер) құрамында нақты болған уақытымен айқындалады. 
6-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУЫ

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ