Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
23-бап. Арнайы құралдарды қолдану



Ст. 23 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ




1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің:

1) азаматтарға, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жасалған шабуылды тойтару;

2) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік міндеттерін немесе азаматтық борышын атқарып жүрген өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбаушылықтың немесе қарсылық көрсетудің жолын кесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау кезінде қолға түскен, жасырынуға немесе қарсылық көрсетуге әрекет жасаған адамдарды ұстап алу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстап алу;

5) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген (айып тағылған) адамдарды, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алу және аумақтық ішкі істер органдарына жеткізу, сондай-ақ бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен, сондай-ақ қашып кетуі, айналасындағыларға және өзіне зиян келтіру мүмкін немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшісіне қарсылық көрсетеді деп пайымдауға негіз болса, сотталғандарды, күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету;

6) әскери қалашықтарға, әскери эшелондарға (көлікке) және көлік колонналарына, Ұлттық ұлан күзететін объектілерге жасалған шабуылдарды тойтару;

7) кепілге алынған адамдарды, басып алынған ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, көлік құралдарын және жергілікті жердің учаскелерін босату;

8) меншік нысанына қарамастан көлік құралдарының, байланыс құралдарының, ұйымдардың жұмысын бұзатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жұмысына іріткі салатын жаппай тәртiпсiздiктер мен әрекеттердің жолын кесу;

9) жүргізушілері полиция қызметкерлерінің немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің тоқтау туралы заңды талаптарын орындамаған көлік құралдарын тоқтату үшін арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.

2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қолданатын арнайы құралдар ретінде:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – резеңке таяқтар;

2) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – көзден жас ағызатын газ;

3) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қол кісендері қолданылуы мүмкін. Қол кісендері болмаған кезде әскери қызметшілер байлау үшін қолда бар құралдарды пайдалануға құқылы;

4) осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – алаңдатып әсер ететін жарық-дыбыс құралдары;

5) осы баптың 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тосқауылдарды бұзу құралдары;

6) осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда – көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату құралдары;

7) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қызметтік иттер қолданылуы мүмкін.

3. Арнайы құралдардың барлық түрлері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда да қолданылуы мүмкін.

4. Арнайы құралдың түрі, оны қолдануды бастау уақыты және қарқыны қалыптасқан жағдайды, құқық бұзушылықтың сипатын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып айқындалады.

5. Жүктілік белгілері көрініп тұрған әйелдер, анық мүгедектiк белгiлері бар адамдар және жас балалар топтасқан немесе өзге де шабуыл жасаған, қарсылық көрсеткен, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады.


Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ