Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
4-бап. Ұлттық ұланның міндеттері



Ст. 4 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ



1. Ұлттық ұланға мынадай міндеттер жүктеледі:

1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету;

2) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауға, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдай мен соғыс жағдайының, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға қатысу;

3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі аралас мекемелерін күзету;

4) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі аралас мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

5) сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру;

6) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

7) Қазақстан Республикасының аумағында қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыру, заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетін тоқтату жөніндегі арнайы операцияларға қатысу;

8) ауыр және аса ауыр қылмыстардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесуге қатысу және тайталасушы тараптарды ажырату;

9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау.

2. Ұлттық ұланға өзге де міндеттер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ