Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары



Ст. 10 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Ұлттық палата:

1) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;

3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысады.

2. Ұлттық палата «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Ұлттық палата Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

4. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді.

Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

 Жылдық қорытындылар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V