Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары



Ст. 14-1 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;

3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) олардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдар жібереді;

5) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен (арызбен) жүгінеді;

7) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.

Ескерту. 3-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

Статья 1 ...13 14 14-1 15 16 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-1-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V