Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары

Ұлттық палата:

1) шетелде филиалдар мен өз өкілдіктерін құрады және таратады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік ұйымдармен бірлесіп, іскерлік кеңестерді және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады;

3) өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдегі халықаралық көрмелер тізілімін жүргізеді;

4) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетингті және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;

5) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді;

6) экспорт-импортты реттеу мәселелері бойынша барлық елдердің заңнамалары, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық саудаға және шаруашылықішілік қызметке байланысты басқа да мәселелердің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өз мүшелеріне ұсынуды жүзеге асырады;

7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;

7-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асырады;

8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақтайды;

9) жылына кемінде бір рет кеден ісі саласындағы уәкілетті органға және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды растауға уәкілеттік берілген тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қойылған қолдарының үлгілерін жолдайды;

10) тоқсан сайын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты береді;

11) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;

12) кәсіпкерлік субъектілерінің, қаржылық-экономикалық жағдайы кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін олардың көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша жасалған тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және жүргізеді;

13) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады;

14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес кепіл болады және уақытша әкелу туралы құжаттарды береді;

15) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;

16) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады;

17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды;

19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады.

Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 14‑1 15 ...33

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться