Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары



Ст. 18 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Ұлттық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:

1) съезд – жоғары басқару органы;

2) төралқа – басқару органы;

3) басқарма – атқарушы орган;

4) тексеру комиссиясы – қаржылық-бақылау органы.

2. Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары мыналар болып табылады:

1) өңірлік кеңес – байқаушы орган;

2) дирекция – өңірлік палатаның атқарушы органы;

3) директор – өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.

3. Ұлттық палатада оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

4. Ұлттық палатаның жоғары басқару органындағы және басқару органындағы жұмыс өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V