Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
21-бап. Ұлттық палата төралқасы



Ст. 21 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Ұлттық палатаның төралқасы (бұдан әрі – төралқа) 51 мүшеден тұрады және оны төраға басқарады.

Төралқа:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш өкілінен;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің он алты депутаты мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен;

3) аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) он алты өкілінен;

4) өңірлік кеңестердің он алты төрағасынан қалыптастырылады.

2. Төралқа құрамын қалыптастыру мақсатында съездің шешімімен:

1) төралқа мүшелері қатарынан төралқа төрағасы;

2) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;

4) аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері төралқа мүшелері лауазымына сайланады және лауазымынан босатылады.

Төралқаның сайланатын мүшелері өкілеттіктерінің мерзімі төрт жылды құрайды. Төралқа мүшелерін сайлау және атқаратын лауазымынан босату тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш адамнан тұратын өкілдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.

4. Төралқаның айрықша құзыретіне:

1) Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және оның мақсаттарына қол жеткізуін бақылау;

2) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

3) Ұлттық палата басқармасының төрағасын және мүшелерін сайлау;

4) Ұлттық палатаның басқармасына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға жәрдемдесу;

5) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының тексерулерін тағайындау және олардың қорытындылары бойынша есептерін бекіту;

6) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлттық палатаның қызметінде қолданылатын қағидаларды, регламенттерді және басқа да ішкі құжаттарды бекіту;

7) Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптарын және Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;

8) Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардың бірінші басшыларын Ұлттық палата басқармасының ұсынуы бойынша тағайындау;

9) төралқа комитеттерін қалыптастыру, олардың сандық және дербес құрамын айқындау, олардың жұмыс регламентін бекіту;

10) өңірлік палаталардың үлгілік жарғысын және өңірлік палаталардың филиалдары туралы үлгілік ережені бекіту;

11) «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін жүргізу, қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау тәртібін бекіту;

12) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз қызметі туралы есебін қарау және бекіту жатады.

5. Ұлттық палатаның жарғысымен төралқаның құзыретіне өзге де мәселелер жатқызылуы мүмкін.

6. Төралқа мүшелері Ұлттық палатаның басқару органдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.

7. Отырыста төралқа мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілігі болған кезде төралқа шешім қабылдауға құқықты.

Төралқа отырыстарында дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.

Төралқаның осы Заңда көзделген айрықша құзыретіндегі мәселелер бойынша шешiмдері төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы дауыс санының кемінде үштен екісін құрайтын білікті көпшiлiк даусымен қабылданады.

Өзге мәселелер бойынша шешімдер төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V