Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
27-3-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату



Ст. 27-3 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;

2) жоғары бiлiмi болуға;

3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдi басқарманың ұсынуы бойынша төралқа төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындайды.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл төралқа шешімімен атқаратын лауазымынан мерзiмiнен бұрын мынадай негіздер бойынша босатылуы мүмкiн:

1) өз қалауы;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiби мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы;

3) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

4) лауазымдық өкiлеттiктерiн бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын терiс қылықтар жасауы;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мынадай:

1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;

3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

5. Сол бiр адам қатарынан екi реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.

Статья 1 ...27-1 27-2 27-3 27-4 27-5 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-3-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V