Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
27-4-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері



Ст. 27-4 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз қызметiн жүзеге асырған кезде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

3) өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға;

4) өзiн қорғау үшін жүгінген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамада көрсетілуге жататын, өз қызметі туралы есепті бекіту үшін Ұлттық палатаға жыл сайын ұсынады.

Статья 1 ...27‑2 27‑3 27‑4 27‑5 28 ...33

Перейти к статье







Добавить комментарий к 27-4-бап ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V