Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I




Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) архив ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы;

2) архивтік құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;

3) архив - архив құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

4) архив қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;

5) архив коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;

6) ведомстволық архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;

7) мемлекеттік архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік мекеме;

8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;

9) құжат - материал көзінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақпарат;

10) алып тасталды

11) Ұлттық архив қоры - заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архивтердің, архив қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;

12) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен ресімделіп, куәландырылған құжат;

 13) уәкiлеттi орган - архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы;

14) жеке архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі немесе жеке адамның қызметі, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесінде пайда болған архиві;

15) арнайы мемлекеттік архив – архив мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;

16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;

17) архив құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн архив құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға.

18) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;

19) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкiметтiң» құрылымын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік құрылымын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I