Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 12 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады. 

Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады. 

2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды. 

3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.  

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...27

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I