Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 2 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі

Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды. 

2. Ұлттық архив қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті архив құжаттары да жатады. 

3. Ұлттық архив қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді. 

4. Архивтер ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 2 3 4 ...27

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I