Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы



Ст. 4 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I



1. Ұлттық архив қорының құрамына:  

1) заң актілері және басқа да ресми құжаттар;  

2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама;  

3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;  

4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері;  

5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;  

6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар;  

7) құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді.  

2. Құжаттарды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу тәртібі, олардың есебін жүргізіп, сақталуын ұйымдастыру осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық архив қоры, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережелермен белгіленеді.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I