Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
35-бап. Қарыздар



Ст. 35 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.  

Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.  

Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары әрі тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. 

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.  

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...33 34 35 36 36-1 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155