Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 42 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.05.2018

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.  

Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:  

инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар;  

коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;  

айналыстағы монеталар - бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.  

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154, 2005.07.08. N 69, 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...40 41 42 43 43‑1 ...74

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155