Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51-1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. 

Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша: 

бір-біріне жалпы мемлекеттік маңызы бар, болжанатын әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беру;  

қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау; 

жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру; 

қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды. 

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүзеге асырады. 

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға байланысты:  

қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шаралары жөніндегі;  

Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту бойынша шаралар кешені жөніндегі; 

мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкеп соғатын төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары жөніндегі, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы жөніндегі; 

екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен сауықтыру бойынша шараларды қаржыландыру жөніндегі мәселелер міндетті түрде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің алдын ала қарауына жатады.  

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында: 

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді; 

2) макропруденциялық саясатты қалыптастырады; 

3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді; 

4) 31.12.2016 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен.

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

6) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді; 

8) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

Ескерту. 51-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...50 51 51‑1 51‑2 51‑3 ...74

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться