Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
62-3-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері



Ст. 62-3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.

2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:

1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

2) құжаттамалық тексерудің негізі;

3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;

4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;

5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.

3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.

4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.

Статья 1 ...62-1 62-2 62-3 62-4 62-5 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 62-3-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155