Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары



Ст. 62-5 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін олардың қызметін талдау (қашықтан қадағалау);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;

3-1) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актіде және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарауды;

4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап тексеру;

5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;

 РҚАО-ның ескертпесі!

6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;

 РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

7) аккредиттеу, тізілімдерді жүргізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу;

8) белгіленген пруденциялық нормативтердің және (немесе) өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің, оның ішінде шоғырландырылған негізде орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;

 РҚАО-ның ескертпесі!

9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;

12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және оның тарату балансын келісу;

13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;

14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;

 РҚАО-ның ескертпесі!

15) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының немесе банктік конгломераттың бас ұйымының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауымен байланысты қызметті талдау;

16) актуарийлердің біліктілік емтиханын өткізу;

 РҚАО-ның ескертпесі!

17) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.

 Ескерту. 62-5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...62-3 62-4 62-5 63 64 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 62-5-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155