Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Ғылым туралы 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Ғылым туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім;

2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам;

3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы;

4) ғылым жөніндегі ұлттық баяндама - әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылымды дамытудың басым бағыттарын негіздеуді қамтитын жыл сайынғы есеп;

4-1) ғылыми бағыттар сыныптауышы – ғылыми бағыттарды сыныптауды және кодтауды белгілейтін құжат;

5) ғылыми-білім беру консорциумы - ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар, оның ішінде өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, технологиялық инновацияларды әзірлеу және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін бірлескен шаруашылық және ғылыми қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты уақытша бірлестік;

6) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым - нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

7) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама - болжанған ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат;

8) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясат - мемлекеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатынасын білдіретін, ғылым мен техника саласындағы әртүрлі ұйымдар қызметінің, ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асырудың, жаңа технологиялар жасаудың, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі басымдықтарын, мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттарын, нысандары мен әдістерін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;

9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет есебі - ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат;

9-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат;

10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

11) ғылыми-зерттеу жұмысы - бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

12) ғылыми зерттеулер - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

13) ғылыми инфрақұрылым - ғылыми ұйымның балансындағы ғылыми зертханалық және инженерлік жабдық, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, бірегей объектілер, сондай-ақ өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

14) ғылым кандидаты, ғылым докторы - ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

15) ғылыми қызмет - зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

16) ғылыми қызметкер - ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке адам;

16-1) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, ғалымдардың таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіптік құзыреттерді дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда тағылымдамадан өтуі;

17) ғылыми-техникалық ақпарат - ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет барысында алынатын, ғылымның, техниканың, технологиялардың ұлттық және шетелдік жетістіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;

18) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

19) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

19-1) жетекші ғалым – уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға;

19-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – инвестициялық кірісі ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталатын, қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры;

20) зияткерлік меншік - азаматтың немесе заңды тұлғаның ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижесінде алынған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарына айрықша құқығы;

21) инженерлік-техникалық қызметкер - ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін, кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізуге және оны іске асыруға жәрдемдесетін жеке адам;

21-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – ғылым саласында үздік жетістіктері бар, ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда академия сайлайтын ғалым;

22) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;

23) қолданбалы ғылыми зерттеу - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет;

23-1) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;

24) салалық уәкілетті орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

25) стратегиялық ғылыми зерттеулер – стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған іргелі не қолданбалы ғылыми зерттеулер;

26) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;

27) тәжірибелік өндіріс - негізгі қызметі тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді дайындау және байқаудан өткізу болып табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға;

28) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;

29) іргелі ғылыми зерттеу - табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться