Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 101-3 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
101-3-бап. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтінімі

1. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтінімі: 

1) заңды тұлғалар үшін – өтінім берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді; 

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегін және атын, заңды мекенжайын, азаматтығын, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, өтінім берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтінім берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді; 

3) өтінім берушінің мүддесін білдіретін басшылар немесе өкілдер туралы, осындай адамдардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғандағы деректерді; 

4) өтінім берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуға тиіс. 

2. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне мынадай мәліметтерді қамтитын құжаттар қоса берілуге тиіс: 

1) құрамындағы зиянды, улы заттар, қатты және сұйық қалдықтар, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызу орындары, оның ішінде техногендік минералдық түзілімдердің орналасқан жері, қоймаға қою кезеңі, күтіп ұстау шығындары, жерасты сулары мен қоршаған орта мониторингінің байқау желісінің болуы мен орналасуы көрсетіле отырып, техногендік минералдық түзілімдердің жалпы сипаттамасы; 

2) қолдануға ұсынылатын технологиялар және зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың пайда болуына әкеп соғатын қызмет туралы ақпаратты қоса алғандағы технологиялық бағдарлама; 

3) өнімнің атауы, ол пайда болатын техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің құрамы, өрт қауіптілігі, жарылу қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдығы, ластайтын негізгі радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы; 

4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы; 

5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы. 

3. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтінімінде қол қойылатын бонустың мөлшері көзделуге тиіс. 

4. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) өтінімге қоса беріледі.
Статья 1 ...101‑1 101‑2 101‑3 101‑4 107 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться