Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншiк құқығы, оны пайдалану және беру тәртiбi

Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Геологиялық ақпарат, егер ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алынса – мемлекеттік меншiкте және егер ол жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынса, келісімшарттың қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады. 

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қаржыландыру көзiне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат мемлекет меншігіне міндетті түрде өтеусіз берілуге жатады. Геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, жүйелеуді және жинақтап қорытуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өзі бекiткен тәртiпке сәйкес жүзеге асырады. 

3. Геологиялық ақпарат өтеулі немесе өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi. 

Геологиялық ақпарат: 

1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға; 

2) ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшiн; 

3) мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жекеше оқу орындарына – оқу мақсаттарында; 

4) мемлекеттiк органдарға; 

5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi. 

Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру шарттарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпаратты алушы бөлек өтейді. 

Мемлекеттік меншіктегі геологиялық ақпаратты оқу мақсатында, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

3-1. Жер қойнауын пайдаланудан бос жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде мүдделі тұлғаның сұрау салуы негізінде танысу үшін беріледі. 

4. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді. 

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

5. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

6. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат блоктарға бөлінуге тиіс. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться