Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 111 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
111-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау

1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлау мен өндіруге, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлау мен өндіруге, сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жоюға немесе консервациялауға жатады. 

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар уақытша тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен объектіні уақытша консервациялау (жұмыстарды тоқтата тұру) мерзімдерін келіседі және жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі, ал жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану объектісін жою жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. 

Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін өндірістік объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді. 

3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидалары негізінде жобалау мен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады. 

4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі. 

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады. 

6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді. 

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорының қаражаты есебінен пайдаланған сомаға азайтылады. 

Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген рұқсатымен, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен жүзеге асырады. Тарату қорын қалыптастыру тәртiбi, тарату қорына аударымдардың мөлшерi, осындай төлемдердiң мерзімдiлiгi туралы талаптар келiсiмшартта белгiленедi. 

7. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, онда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен төмен болса, онда қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады. 

Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2010.07.06 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...109 110 111 112 113 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться