Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 129 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
129-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады. 

2. Құзыретті органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға жобалау құжаттары болмаған жағдайларда қол қойған жер қойнауын пайдаланушылар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма төрт айдан аспайтын мерзімде олардың әзірленуін және белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз етуге және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз айдан кешіктірмей, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалау құжаттарының негізінде барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларын келісуге ұсынуға міндетті. 

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келісімшарттар бойынша тараптар терминологияны бірізге келтіру, кадрлардағы жергілікті қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы, құзыретті орган бекітетін тәртіппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат беру бөлігінде осы Заңда белгіленген талаптарды басшылыққа алуға міндетті. 

4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген лицензиялар мен жасалған келісімшарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актілері өз қолданысын сақтайды. 

5. Жер қойнауын пайдалануға бұрын берілген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның - Қазақстан Республикасы Үкіметінің функциялары құзыретті органға жүктеледі. 

6. Мұнай операцияларын жүргізуге арналған, 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған бір келісімшарттың шеңберінде бір бөлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бекіткен тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген кен орындары тізбесіне енгізілген көмірсутек шикізатының бірнеше кен орындарында өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға мұндай кен орнына (кен орындарына) қатысты өндіруге арналған бөлек келісімшарт жасасу жөнінде жүгінуге құқылы. Мұндай келісімшарт бастапқы келісімшарттың аяқталуына дейін қалған мерзімге жасалуы мүмкін. 

7. Егер белгіленген тәртіппен келісілген жобаларға сәйкес қалдықтарды орналастырудың жұмыс істеп тұрған полигондарына техногендік минералдық түзілімдерді қоймаға қою орындарындағы өзге де қалдықтарды орналастыру көзделсе, осы Заңның 10-бабының 6-тармағы екінші абзацының ережелері оларға қолданылмайды. 

8. Осы Заңның 71-бабы 4-тармағының ережелері, өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда, көрсетілген тармақ қолданысқа енгізілген күнге дейін құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш жасаған және ұзартуға келісім алған жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды. 

9. Осы Заңның 95-1-бабының ережелері барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге бұрын жасалған келісімшарттарға қолданылады. 

Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.20 № 567-IV (2010.07.05 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...127 128 129 130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться