Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне: 

1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту; 

2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту; 

3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді әзірлеу және бекіту; 

4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

5) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлеу және бекіту; 

6) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеу және бекіту; 

7) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

9) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту; 

10) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

11-1) индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін айқындау; 

12) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

13) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту; 

14) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

15) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

17) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үндестіру тәртібін әзірлеу және бекіту; 

18) тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру тәртібін әзірлеу және бекіту; 

19) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 

20) мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басымдыққа ие жоғары технологиялық өндірістер тізбесін бекіту; 

21) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібін әзірлеу және бекіту; 

22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту; 

23) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту; 

24) алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

25) осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін бекіту, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу; 

25-1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту; 

25-2) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындау; 

26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться