Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 64 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
64-бап. Іздестіру жұмыстарының жобасы

1. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурс жеңімпазы не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді. 

Іздеу жұмыстарының жобасы келісімшарттық аумақтың жер қойнауын ұтымды және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін іздеу мен зертханалық-талдамалық зерттеулердің қазіргі заманғы және дәлділігі жоғары әдістерін қоса алғанда, аумақты зерттеудің тиімді бағдарламасын қамтуға тиіс. 

Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған үлгілік келісімшартқа қол қойылғаннан және ол тіркелгеннен кейін іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді және дербес бекітеді. 

2. Іздеу жұмыстарының жобасы міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. 

3. Iздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн – тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс. Іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу конкурс жеңімпазының не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн. 

4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген сараптамадан өткеннен кейін орталық комиссияға беріледі, жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралады және оны құзыретті орган орталық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi. 

Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасын дербес бекітеді және оны жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жібереді. 

Өңiраралық комиссия кең таралған пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасын өңiраралық комиссияға жоба келiп түскен күннен бастап бір ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны бекiтедi. 

5. Бекiтiлген iздеу жұмыстарының жобасында айқындалған жұмыстардың шарттары мен көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда, iздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады, оны осы баптың 4-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi. 

Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптаманың терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға iздеу жұмыстарының жобасына осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс. 

Іздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi iздеу жұмыстарының жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс. 

Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дербес жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға іздеу жұмыстарының жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жібереді. 

6. Бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасы келісімшарт жасау және жасасу үшін негіз болып табылады. 

Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ іздестіру жұмыстары жобасының талаптарын бұзып, кен орындарын іздестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. 

Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...62 63 64 65 66 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться