Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 66 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
66-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары

1. Өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурс жеңiмпазы не келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобалау құжаттарының әзiрленуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 

Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге жобалау құжаттары әзірленбейді. 

2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары бойынша: 

1) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол мыналарды: тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс; 

2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

3. Кен орнының игерілу сатысына және зерттелу дәрежесіне, оның қорларының жай-күйіне қарай көмiрсутек шикiзаты бойынша: 

1) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол кен орнын геологиялық-физикалық жағдайларда байқаудан өткізуді және технологияны байқаудан өткізу оң нәтиже берген жағдайда оны тұтастай кен орнында қолдануды талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында жекелеген кен орындарын немесе шоғырларды пайдалануға беру үшін жасалады; тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді жүргізудің мерзімдері мен көлемдері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі; 

2) игерудің технологиялық схемасы; 

3) өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді. 

4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

Осы тармақта көрсетілген жобалау құжаттарын жасау және оның қолданылу тәртібі, реттілігі, мерзімдері пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады. 

Өнеркәсіптік әзірлеме жобасында ілеспе газды өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөнінде бөлім болуға тиіс. Техникалық-экономикалық негіздеме ілеспе газды пайдалану негіздемесін қамтуға тиіс. 

4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары олардың орындалуына қарай келісімшарттың қолданылу мерзімі шегінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес кезең-кезеңмен әзірленеді. 

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалауға арналған қажеттi лицензиялары бар жобалау ұйымын шарт негiзiнде мiндеттi түрде тарта отырып әзiрленедi. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шартта жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерi көзделуге тиiс. 

Кен орындарының қорларын сыныптау жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi. 

Жобалау құжаттарында экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс. 

5. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына міндетті түрде мынадай: 

1) мемлекеттік-экологиялық; 

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік; 

3) санитарлық-эпидемиологиялық; 

4) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс. 

6. Жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн – тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма бір айдан аспауға тиiс. 

Бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу мен келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн. 

7. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді. 

Игерудің технологиялық схемасын және көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобаларын орталық комиссия технологиялық схема немесе көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобалары орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес күн ішінде бекітеді. 

Осы бапта көзделген, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жөніндегі жобалау құжаттарын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бекітеді. 

Жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобалары орталық комиссияға тиісті жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде орталық комиссияда қаралады және оларды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді. 

8. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 7-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді. 

Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері бекітілген жобалау көрсеткіштерінен нақты мәнде жиырма пайыздан аз өзгеретін жағдайда, қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша бекiтiлген жобаларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобалары жасалмайды. 

Егер: 

1) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар кен орындарын игерудің оң практикасына сәйкес келмесе; 

2) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес келмесе; 

3) осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптамалардың бірінің теріс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат берілмеуі мүмкін. 

Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi тиiстi өзгерiстердің және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бiр айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс. 

9. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған бекітілген жобалау құжаттары өндіруге арналған келісімшарт жасауға және жасасуға негіз болып табылады. 

10. Белгіленген тәртіппен бекітілген өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарынсыз өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. 

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу болып табылмайды. 

Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться